Ақтауда «Тіл шебері» облыстық конкурсы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда кемінде үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.

«Байқаудың мақсаты – бірнеше тілді еркін меңгерген талантты жастарға қолдау көрсету. Бұл жарысқа қатысуға Бейнеу және Маңғыстау аудандарынан төрт мемлекеттік қызметкер келді. Қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынайды»,- деді «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» ҚҚ директоры Жақсыгүл Маханбет.

Байқауға қатысушылардың жұмысын үш тілді де жетік меңгерген ғалымдар, әдіскерлер мен мамандардан құралған қазылар алқасы бағалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1267209?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version