Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары және қонақтары!
Сіздерді жанды музыканың әуенімен тербелетін ерекше өнер кеші – өңірлік вокалды-аспапты ансамбльдердің «SAZ FEST» фестиваліне шақырамыз!
Фестиваль 5 тамыз күні, сағат 20:00-де, Жаңаөзен қаласындағы «Мұнайшы» мәдениет үйінің орталық алаңында өтеді.
Фестиваль сахнасында өңірдің үздік вокалды-аспапты ансамбльдері жанды дауыста өнер көрсетіп, әртүрлі жанрдағы таңдаулы шығармаларды орындайды.
Атап айтсақ:
1. Жаңаөзен қаласы «Заман» вокалды-аспапты ансамблі
2. Бейнеу ауданы Халықтық «Арай» эстрадалық вокалды ансамблі
3. Ақтау қаласы «Сәлем» вокалды-аспапты ансамблі
4. Жаңаөзен қаласы «Мереке» Халық вокалды-аспапты ансамблі,
5. Ақшұқыр ауылы «Sherqala» вокалды-аспапты ансамблі,
6. Жаңаөзен қаласы Халықтық «Мерей» вокалды-аспапты ансамблі
7. Ақтау қаласы «Ақтау» вокалды-аспапты ансамблі
8. Жаңаөзен қаласы Халықтық «Керуен» вокалды-аспапты ансамблі
9. Маңғыстау ауданы Халықтық «Жастар» вокалды ансамблі
10. Жаңаөзен қаласы «Алаш» вокалды-аспапты ансамбльдері өнер көрсетеді.
Сіздерді шынайы орындау шеберлігі, әсерлі әуен және ерекше шығармашылық атмосфера күтеді.
Келіңіздер! «SAZ FEST» фестивалінде жүздескенше!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1267210?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау