Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараларға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген сынақшы-ұшқышы, авиация генерал-майоры Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шараларға қатысты.

Мерейтойлық шаралар Қарқаралы қаласында өтті. Бұл мерекенің Қарқаралы ауданының тұрғындары үшін мәні ерекше. Себебі еліміздің мақтанышы, әлемдік және отандық ғарыш тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлға Тоқтар Оңғарбайұлы осы қасиетті Қарқаралы топырағында дүниеге келген.

Салтанатты шараларға Қарқаралы ауданының тұрғындары, еліміздің әр өңірінен келген қонақтар, ардагерлер, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.
Мерекенің негізгі алаңы Qarqaraly Go этноауылы болды. Мұнда қазақ күресі, қол күресі, дәстүрлі садақ ату сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, көрмелер, концерттік бағдарлама және өзге де мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мерейтой иесін құттықтаған Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов Тоқтар Оңғарбайұлының ғарышқа тарихи сапарынан кейін де ел игілігі жолындағы қызметін жалғастырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты әрі қоғам қайраткері ретінде мемлекет дамуы жолындағы ерен еңбнгін атап өтті.

«Тоқтар Оңғарбайұлы отандық ғарыш саласының дамуына ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіне де зор үлес қосты. Оның мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі көпжылдық тәжірибесі, жоғары кәсібилігі мен ел мүддесіне адалдығы зор құрметке лайық және жас ұрпаққа өнегелі үлгі болып табылады. Тоқтар Оңғарбайұлын 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас күш-қуат және толайым табыс тілеймін», – деді Нұркен Кобжанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karagandinskoy-oblasti/press/news/details/1267220?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version