Аршалы ауданының прокуратурасы сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аршалы ауданының прокуратурасы Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен және «Реабилитациялық технологиялар мен тұжырымдамалар» қоғамдық қорымен бірлесіп, Аршалы кентінде орналасқан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің базасында сотталғандарға арналған дәріс ұйымдастырды.

Іс-шара профилактикалық жұмысты жүзеге асыру шеңберінде өткізіліп, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуға дайындалып жатқан адамдардың әлеуметтік оңалуына жәрдемдесуге, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамға табысты бейімделуіне бағытталды.

Кездесу барысында сотталғандарды толғандыратын өзекті құқықтық мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, әкімшілік рақымшылықты қолдану тәртібі, құжаттарды қалпына келтіру, кредиттік міндеттемелер, айыппұлдар және атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешектерді реттеу, сондай-ақ банктік шоттардың бұғатталуына қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 Сонымен қатар іс-шараға қатысушыларға жұмысқа орналасу, еңбек құқықтарын іске асыру, әлеуметтік төлемдер мен мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша жеке құқықтық консультациялар берілді.

Реабилитациядан өтуге және заңнамада көзделген әлеуметтік қызметтерді алуға мұқтаж мүгедектігі бар сотталғандардың мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Реабилитациялық технологиялар мен тұжырымдамалар» қоғамдық қорының өкілдері өз қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп, оның тұлғаның әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, азаматтарды қайта әлеуметтендіруге, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге, сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Аршалы ауданының прокуратурасы мұндай іс-шараларды өткізудің қайталама қылмыстылықтың алдын алуда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдардың қоғамға табысты бейімделуіне, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жаңа құқық бұзушылықтардың жасалу қаупін төмендетуге ықпал ететінін атап өтеді.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1267602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version