Аршалы ауданының прокуратурасы тұрғындармен профилактикалық кездесулер өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Профилактикалық іс-шараларды іске асыру аясында Аршалы ауданының прокуратурасы аудан әкімдігімен және полиция бөлімімен бірлесіп елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу тетіктері қарастырылды.

Азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Есірткі қылмыстарының алдын алу, интернет-алаяқтықтың жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың заңсыз қаржылық операцияларды жүзеге асыру үшін банктік шоттары мен төлем карталарын пайдалануға тартылуының (дропперлік) алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді.

Рұқсат етілмеген орындарда суға түсуге болмайтыны, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Аршалы ауданының прокуратурасы азаматтарды қырағылық танытуға, заңнама талаптарын сақтауға, алаяқтардың айла-тәсілдеріне алданбауға және құқыққа қайшы әрекеттерге қатыспауға шақырады.

Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау және күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына уақытылы жүгіну құқық бұзушылықтардың алдын алудың, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі болып табылады.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1267603?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version