Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, көлік-логистика инфрақұрылымын жетілдіру, инвестиция тарту және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Форум аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, цифрлық көлік дәліздерін дамыту және екі ел арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі кеңейтуге ерекше назар аударылды. Өңіраралық форум жаңа бастамаларды жүзеге асыруға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып қала береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kasipkerlik/press/news/details/1267692?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау