Азаматтарды жеке қабылдау – халық сенімін нығайтудың маңызды тетігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» қағидаты мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сарқытбай Зәкірұлы Құсайынов азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдап, тұрғындармен ашық диалог орнатып, олардың өтініштеріне жедел ден қоюды қамтамасыз етуде.

Жеке қабылдаудың негізгі мақсаты – азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау, құқықтық кеңес беру және ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге жан-жақты қолдау көрсету. Әрбір өтініш мұқият зерделеніп, басшылықтың жеке бақылауында болады.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке қабылдаулар офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Бұл шалғай елді мекен тұрғындарына да қашықтан байланысып, қажетті кеңес алуға мүмкіндік береді.

Мұндай ашық байланыс форматы халық пен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтып, кері байланыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Ашықтық, қолжетімділік және азаматтардың өтініштеріне уақтылы әрекет ету – ішкі істер органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1268626?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version