ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында қазақстандық өнім экспортының географиясын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ол өндіріс пен қайта өңдеу көлемінің өсуі экспортты кезең-кезеңімен ұлғайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 37%-ға өсіп, $7 млрд-қа жетті. Оның жартысынан астамын қайта өңделген өнім құрайды.
Астық экспорты да едәуір ұлғайды. 2024/2025 маркетингтік жылы астық пен ұнның астық баламасындағы экспорты рекордтық 15,3 млн тоннаға жетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1268627?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау