Орал қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласындағы жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ сала ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Бұл – өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жаңғырту жұмыстары нәтижесінде вокзалдың ғимараты заман талабына сай жаңартылып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы артты.

Жаңартылған вокзал тұрғындар мен қала қонақтарына сапалы қызмет көрсетіп, жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл жоба өңірдегі көлік қатынасын жетілдіруге, жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыруға және халыққа ұсынылатын қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Инфрақұрылымды жаңғырту – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осындай жобалардың жүзеге асырылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, облыстың инвестициялық және туристік тартымдылығын нығайтуға өз үлесін қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1268733?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version