Шымкент қаласында кезекті 40 отбасы баспаналы болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жалға берілетін, кейін сатып алу құқығы қарастырылған тұрғын үй бағдарламасы аясында жаңа пәтерлердің кілтін табыстады.
Пәтерлер жеңілдік санатына жататын азаматтарға беріліп отыр. Олардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғалар бар.
Бұл азаматтар Бозарық шағынауданында орналасқан заманауи үйлерге қоныстанады. Бұл көп қабатты нысандар барлық қажет инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.
Айта кету керек, баспана қорын ұлғайту тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың кезегін кезең-кезеңімен азайтуға және тұрғындарды жеке баспанамен қамтамасыз етуге қосымша мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1268726?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау