Алакөлде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шаралар күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Алакөлде Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері демалушылардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, шағын көлемді кемелерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтті.

     Іс-шаралар аясында су айдындарында қауіпсіз шомылу және шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Демалушылар мен кеме иелеріне қауіпсіздік талаптарын сақтау, құтқару кеудешелерін пайдалану, мас күйінде суға шықпау және балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді.

    Сонымен қатар, шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді. Өткізілген іс-шаралар судағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1268744?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version