ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АГРОСАЛАДА КӨШ БАСТАДЫ: ЖАРТЫ ЖЫЛДА 325,3 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістанның аграрлық әлеуеті жаңа деңгейге көтеріліп, өңір азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ірі орталыққа айналуда. Түркістан облысы – еліміздің ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық маңызы жоғары өңірлерінің бірі. Бүгінде аймақта агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту, өндірісті әртараптандыру, терең өңдеуді дамыту және экспорттық әлеуетті арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың аграрлық саланы дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейту және жаңа технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмалары Түркістан облысында жүйелі түрде орындалып келеді.
Облыс әкімдігі тарапынан қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде өңір агросаланың негізгі көрсеткіштері бойынша республикадағы көшбасшы аймақтардың біріне айналды.
2026 жылдың қаңтар–маусым айларының қорытындысы бойынша Түркістан облысында 325,3 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 110,7 пайызды құрады. Осы көрсеткіш бойынша облыс республика өңірлері арасында бірінші орынға шықты.
Бұл – Түркістанның аграрлық әлеуетінің жоғары екенін және ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың нақты нәтижесін көрсететін маңызды көрсеткіш.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін тек өндіру ғана емес, оны терең өңдеу бағытында да нақты жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың алғашқы алты айында агроөнеркәсіптік кешенге 153,2 млрд теңге инвестиция бағытталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары.
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі де артты. Алты ай ішінде тамақ өнімдерін өндіру көлемі 96,6 млрд теңгеге жетіп, өсім 126,2 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі бағыттарында жоғары өсім қалыптасты:
• ет өнімдерін өңдеу – 172,1 пайыз;
• өсімдік майы және май өнімдерін өндіру – 136,7 пайыз;
• сусындар өндірісі – 139,6 пайыз;
• ұн-жарма өнімдері – 121,4 пайыз;
• балық өнімдері – 121,4 пайыз;
• жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу – 108,5 пайыз.
Бұл көрсеткіштер Түркістанның шикізаттық бағыттан дайын өнім өндіретін қуатты агроөнеркәсіптік орталыққа айналып келе жатқанын аңғартады.
Түркістан өнімі әлем нарығына шығуда. Өңірдің аграрлық өнімдерінің экспорттық әлеуеті де жыл сайын артып келеді. Жыл басынан бері Түркістан облысынан 904,5 мың тонна ауыл шаруашылығы және қайта өңделген өнім экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көп.
Экспорт құрылымында:
• өсімдік шаруашылығы өнімдері – 642,4 мың тонна;
• мал шаруашылығы өнімдері – 25,8 мың тонна;
• қайта өңделген өнімдер – 236,3 мың тонна.
Түркістан облысы бүгінде ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, халықаралық азық-түлік нарығындағы орнын нығайтып келеді.
Егіс алқаптары ұлғайып, су үнемдеу технологиялары кеңейтілуде. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру мақсатында биыл облыста егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға ұлғайып, жалпы көлемі 919 мың гектарды құрады.
Оның ішінде:
• дәнді дақылдар – 326 мың гектар;
• майлы дақылдар – 87 мың гектар;
• көкөніс – 42 мың гектар;
• бақша – 62 мың гектар;
• картоп – 12 мың гектар;
• мал азықтық дақылдар – 228 мың гектар;
• мақта – 162 мың гектар.
Бүгінгі таңда облыс шаруалары:
• 368,4 мың тонна масақты дақыл;
• 655 мың тонна көкөніс;
• 871 мың тонна бақша өнімі;
• 214 мың тонна картоп;
• 3,4 млн тонна мал азығы дақылдарын жинады.
Су тапшылығы жағдайында тиімді технологияларды енгізу басты бағыттардың біріне айналды. Президент тапсырмасына сәйкес биыл қосымша 50 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланған. Нәтижесінде жалпы қамтылатын аумақ 164 мың гектарға жетіп, жыл сайын 280 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда бұл технологиялар 37 мың гектар жерге енгізіліп, жоспардың 74 пайызы орындалды.
ммал шаруашылығында түркістанның үлесі жоғары
Түркістан облысы мал шаруашылығы бойынша да республикадағы жетекші өңірлердің қатарында.
Қазақстандағы:
• ірі қара малдың 13 пайызы немесе 1 млн 238,6 мың басы;
• қой-ешкінің 20 пайызы немесе 5 млн 211,6 мың басы;
• жылқының 10 пайызы немесе 549 мың басы;
• түйенің 14 пайызы немесе 46,1 мың басы
Түркістан облысының үлесінде.
2026 жылдың алты айында өңірде:
• 116,3 мың тонна ет;
• 271,8 мың тонна сүт;
• 170,8 млн дана жұмыртқа
өндірілді.
Облыс еліміздің ет экспортындағы негізгі өңірге айналды. Республикадан сыртқы нарыққа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы Түркістан облысының үлесіне тиесілі.
Есепті кезеңде шетел нарығына:
• 10,3 мың тонна сиыр еті;
• 14,4 мың тонна қой еті
экспортталды.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімін арттыру және өндірісті ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Түркістан облысында 2026–2028 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешендегі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жол картасы бекітілді.
Жол карта аясында жалпы құны 269 млрд теңгені құрайтын 43 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 2 115 жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл құны 96,3 млрд теңгені құрайтын 19 жоба іске асырылуда. Қазіргі таңда құны 17,4 млрд теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылып, 140 жаңа жұмыс орны құрылды.
Іске қосылған жобалардың қатарында:
Сайрам ауданында:
• «U-DRINKS» ЖШС – құны 4 млрд теңге, сағатына 10 тонна сусын өндіретін зауыт, 65 жұмыс орны;
• «Kaz Eco Meat» ЖШС – құны 4 млрд теңге, 5 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы;
• «MEAT MAGNAT» ЖШС – құны 4 млрд теңге, 10 мың басқа арналған бордақылау кешені.
Қазығұрт ауданында:
• «Қарқын – 2030» ЖШС – құны 4,1 млрд теңге, 5 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы, 30 жұмыс орны.
Отырар ауданында:
• «Мұрат» шаруа қожалығы – құны 1,3 млрд теңге, 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы.
Бүгінде Түркістан облысы – ауыл шаруашылығы өндірісі, қайта өңдеу, экспорт және инвестиция тарту бағытында жаңа серпін алған өңір. Аграрлық сектордағы әрбір жоба – жаңа жұмыс орны, жаңа өндіріс және ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам. Түркістан – елдің азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосатын, заманауи агроөнеркәсіптік орталыққа айналып келе жатқан қуатты өңір.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1268753?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version