eGov Business қосымшасында заңды тұлғаның үлесін сенімгерлік басқаруға беру қызметі қолжетімді болды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сенімгерлік басқару меншік иесіне меншік құқығын сақтай отырып, өз үлесін уақытша басқа тұлғаның басқаруына беруге мүмкіндік береді.
Қызметті рәсімдеу үшін:
– eGov Business қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
– «Құқықтық қатынастар» бөліміне өтіңіз;
– «Заңды тұлғаның үлесін сенімгерлік басқаруға беру» қызметін таңдаңыз;
– өтініш түрін көрсетіңіз;
– заңды тұлға, сенім білдіруші және сенімгерлік басқарушы туралы мәліметтерді енгізіңіз;
– үлестің мөлшерін, беру мерзімін және құжат туралы мәліметтерді көрсетіп, оның PDF форматындағы сканерленген көшірмесін тіркеңіз;
– өтінішке қолжетімді тәсілдердің бірі арқылы қол қойыңыз.
Өтініштің қаралу мәртебесін «Жеке кабинет» – «Тарих» бөлімінен тексеруге болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/1268742?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version