«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ақсу аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Рейд барысында аудан аумағындағы рұқсат етілмеген шомылу орындары араланып, тұрғындарға судағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді. Сонымен қатар ақпараттық жадынамалар таратылып, ата-аналарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ азаматтарға тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылу қажеттігі, мас күйінде және жабдықталмаған орындарда суға түсудің қауіптілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақсу аудандық прокуратурасы азаматтарды судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, балаларға ұдайы бақылау жасауға және тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға шақырады.
Адам өмірі мен денсаулығы – ең жоғары құндылық. Заң талаптарын сақтау – қауіпсіздіктің басты кепілі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-arasan/press/news/details/1268277?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау