🌍🇰🇷 КОРЕЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН ТАРИХИ ЖЕТІСТІК!🏆

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2026 жылдың 3–5 шілде күндері Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен “FIRST LEGO League Korea Open Invitational 2026” атты Халықаралық Робототехника және инновациялық жобалар турнирінде әлемнің 45-тен астам елінен келген командалар бақ сынады.
Осы беделді додада Қазақстанның намысын қорғаған «Toro Doro» командасы тамаша нәтиже көрсетіп, Robot Game кезеңінде 545 ұпай жинап, әлемдік рекордтық ең жоғары нәтижеге қол жеткізді!
Жарыс қорытындысы бойынша командамыз “Rising All Star Award Winner” «Vice Champion» (Вице-чемпион) атағын жеңіп алды.
Бұл жетістік – оқушыларымыздың табанды еңбегінің, жаттықтырушылардың кәсіби дайындығының және ата-аналардың қолдауының жарқын жемісі. Біз халықаралық деңгейде Қазақстанның абыройын асқақтатып, еліміздің көк туын биікке көтергенімізді мақтан тұтамыз!
«Toro Doro» командасын және осы жеңіске үлес қосқан барша жандарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алға, Қазақстан! Алға, Toro Doro!
#ToroDoro #FLL #FIRSTLEGOLeague #FLLKorea #Korea2026 RobotGame ViceChampion WorldRecord Kazakhstan STEM Robotics Қазақстан Робототехника ӘлемдікРекорд

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1268857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version