2026 жылғы 5 тамызда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда мәдениет саласындағы бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің аудитінің қорытындылары қаралды, тексеру жалпы бюджет қаражаты Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған Мәдени саясат тұжырымдамасында (бұдан әрі – Тұжырымдама) және басқа жоспарлы құжаттарда қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жұмсалатынын көрсетті.
Астана қаласы бойынша мәдениет жүйесінің желісі Астана қаласы Мәдениет басқармасына ведомстволық бағынысты 13 ұйымынан (2 – мәдени-демалыс, 8 – театр және музыка, 1 – цирк өнері, 2 – мұражай, кітапхана ұйымдары) тұрады.
Мәдениет саласындағы цифрландыруды дамыту шеңберінде елорда тұрғындары мен қонақтары Ticketon.kz, 2ГИС арқылы танымал сервистер арқылы театрларға, циркке және концерттерге билеттер сатып ала алады, бұл репертуармен алдын-ала танысуға, ыңғайлы орындарды брондауға және төлеуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, «Ә. Мәмбетов атындағы театр» МКҚК «Астана – есірткісіз қала» жобасын іске асыру шеңберінде жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып құрылған «Жылы мұң» спектаклін қойды, онда сценографияның, костюмнің, жарықтың және көрнекі бейнелердің негізгі бөлігі ЖИ көмегімен дайындалған, бұл елорда мәдениетін дамытудағы игілікті іс болып табылады.
Сонымен қатар, соңғы жылдары мәдени іс-шаралар мен келушілердің азаюы байқалады. Мысалы, «Қуыршақ театры» МКҚК-да соңғы 3 жылда іс-шараларға тартылған көрермендер саны 37 113-тен 35 054 адамға дейін азайды. 2023 жылдан бастап «Астаналық цирк» МКҚК өткізген іс-шаралардың айтарлықтай (73-тен 50 бірлікке дейін) төмендеген, бұл ретте жаңа қойылымдар мен цирк нөмірлері аз ұсынылған. Елорда аренасындағы іс-шаралардың негізгі үлесі басқа елдерден келген гастрольдік әртістердің цирк бағдарламалары (жылына 3-4 өз бағдарламалары) есебінен жүзеге асырылады, сол сияқты «Қуыршақ театры» МКҚК-да 2025 жылы жаңа қойылымдар санының төмендегені (7-ден 6-ға дейін) байқалады.
Ұйымдардың көрермендермен нашар қамтылуы өткізілетін іс-шаралар санының қысқаруына байланысты, бұл ретте халықтың мәдени-ойын-сауық іс-шараларына тұрақты қызығушылығы сақталатыны және іс-шаралар санын ұлғайту, бағдарламаларды жаңарту, маркетингтік жұмысты күшейту және халық үшін мәдениет саласындағы қызметтердің қолжетімділігін арттыру есебінен көрермендер аудиториясын одан әрі кеңейту үшін әлеуеттің бар екендігін айғақтайтыны атап өтіледі.
Мәдениет кәсіпорындары қызметінің аудиті қаржылық бұзушылықтарға әкеп соқтырған фактілердің бар екенін көрсетті:
– кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында жарғылық капиталдың мөлшері көрсетілмеген («Астаналық цирк» МКҚК-да 2 717 288,0 мың теңгеге, «Жас көрермен музыкалық театры» МКҚК – да-363 076,2 мың теңгеге, «Қуыршақ театры» МКҚК-да-204 749,4 мың теңгеге), сондай-ақ «Астаналық цирк» МКҚК-да 374 678,7 мың теңгеге ауданы 28 751 шаршы метр жер учаскесінің құны көрсетілмеген, сол арқылы Мәдениет басқармасының квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы инвестицияларының көлемі 3 285 113,6 мың теңгеге төмендетілген;
– мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне негізсіз жалақы, қосымша ақылар және үстемеақылар түріндегі жалпы сомасы 4 716,4 мың теңгеге артық шығыстарға жол берілген;
Талдау көрсеткендей, кірістер құрылымындағы негізгі үлес салмақты жылдан жылға өсіп келе жатқан мәдениет саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың шығындарын жабуға бөлінетін субсидиялар алған (2023 жылы – 66,7%, 2024 жылы – 71,1%, 2025 жылы – 74,6%). Сонымен қатар, кәсіпорындардың кірістер құрылымындағы меншікті қаражаттың үлесі соңғы жылдары 2023 жылғы 11,2% – дан 2025 жылы 10,8% – ға дейін төмендеген, бұл мәдениет ұйымдарының мемлекетке жүктемені азайту мақсатында ақылы қызметтер көрсетуге тиісті назар аудармағанын көрсетеді.
Бұл ретте, кәсіпорындар шығындарды жабуға бөлінген субсидияларды тиімсіз жоспарлауға және пайдалануға әкеп соғатын, сондай-ақ мемлекет активтерін басқару тиімділігіне әсер ететін іс-әрекеттерге жол берілген, атап айтқанда:
– цирк қызметіне байланысты емес ұзақ қызметтік іссапарларды ресімдеу жолымен жеке гастрольдерге шығатын «Астаналық цирк» МКҚК әртістерінің жалақысын сақтау бойынша міндеттемелерді қабылдау 99 815,8 мың теңгеге субсидияларды тиімсіз пайдалануға әкеп соқтырған;
– шығындарды субсидиялауға қаржыландыру көлемін жоспарлау кезінде бухгалтерлік есеп деректерін бұрмалау, атап айтқанда кәсіпорындардың өз кірістерін 51 558,8 мың теңге сомасына төмендетілген (2023-2024 жылдары «Астаналық цирк» МКҚК – 37 241,5 мың теңгеге, 2024 жылы «Қуыршақ театры» МКҚК – 581,0 мың теңгеге, 2023 – 2024 жылдары «Ә.Мәмбетов атындағы таетр» МКҚК – 13 736,3 мың теңге), сондай – ақ жергілікті бюджеттен субсидиялауға жұмсалатын шығыстар сомасы 408 141,5 мың теңгеге артылған («Астаналық цирк» МКҚК – 165 856,3 мың теңге, «ЖКМТ» МКҚК – 139 209,3 мың теңге, «Қуыршақ театры» МКҚК-6 937,0 мың теңге, «Ә. Мамбетов атындағы театр» – 96 138,9 мың теңге) бұл тиімсіз басқару болып табылады;
– Астана қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерінің қонақ үй үлгісіндегі жатақхана бөлмелерін жалға алу үшін «Астаналық цирк» МКҚК-ны заңсыз ұсынылған, бұл құны 991 787,0 мың теңге болатын коммуналдық мүлікті тиімсіз басқару болып табылады, бұл бюджеттен коммуналдық қызметтерге 801,1 мың теңге сомасында жергілікті бюджет кірісіне өтелуге тиіс артық шығыстарға әкеп соқтырған;
– бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, сондай-ақ мәдениет ұйымдары үшін қолданыстағы заңнамада көзделмеген кәсіпорындардың («Астаналық цирк» МКҚК) әкімшілік-басқару персоналының артық лауазымдарын 103 157,9 мың теңгеге бекітілген, тиісті есептеулер мен персонал құрамын талдаудың болмауы салдарынан қажеттілік пен бос лауазымдарды есепке алмағандықтан штат саны артқан;
– жергілікті атқарушы орган бекіткен мәдениет кәсіпорындарының жылдық еңбекақы төлеу қоры 60 362,5 мың теңгеге өскен, бұл активтерді тиімсіз пайдаланылуы болып табылады (2024 жылы «Астаналық цирк» МКҚК – 34 805,7 мың теңге, 2024 – 2025 жылдары «Жас көрерменнің музыкалық театры» МКҚК – 7 289,1 мың теңге, 2023 – 2024 жылдары «Ә. Мамбетов атындағы театр – 18 267,7 мың теңге);
– өндірістік нәтижелерді, кәсіптік шеберлікті және қызметкердің кәсіпорынды дамытуға қосқан ерекше үлесін есепке алмай, қызметкерлердің лауазымдық жалақысына дербес үстемеақылар төлеуді (атқарушы органның жеке шешіміне байланысты ай сайын лауазымдық жалақыға 30 – 200% – дан ауытқиды) жүзеге асырған;
– кәсіпорындардың (тұрғын емес үй-жайлардың, жер учаскесінің) активтерін мақсатсыз пайдалану фактілері орын алған ( цирк ғимаратының бірінші қабатында ауданы 953,2 ш.м.,), бұл 2022 жылдан бастап активтердің моральдық және физикалық тозуына әкеп соқтырған.
Осылайша, жүргізілген аудит елорданың мәдени қызметі саласындағы бірқатар проблемалар мен кемшіліктерді көрсетті:
– қаржыландырудың жыл сайынғы өсуі кезінде мәдениет ұйымдары жүргізген іс-шаралардың айтарлықтай төмендегені байқалады, мысалы, Мәдениет басқармасының 007 «Театр және музыка өнерін қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерінің деректері бойынша соңғы 3 жылда қаржыландырудың өсуі 37,4% немесе 2 070 911,7 мың теңгені құраған, алайда аудит «Театр және музыка өнерінің қойылымдарына келушілер саны» түпкілікті нәтиже көрсеткішінің 9,3% – ға немесе 87 713 адамға төмендегенін байқатады, бұл Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған Мәдени саясат тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) нәтижелілігінің нысаналы индикаторларын орындамау тәуекеліне әкеп соқтырған, елорда халқының мәдениет саласының қызметінің сапасына қанағаттанбау факторларының бірі болып табылады.
– кәсіпорындарды дамыту жоспарлары нәтижелілігінің негізгі көрсеткіштерін орындамау салдарынан халықтың өнермен қамтылуын және қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету шеңберінде Тұжырымдаманың бағыттарына қайшы келетін жаңа премьерлердің, қойылымдардың және цирк нөмірлерінің шамалы саны байқалады;
– әртістердің жеке бағдарламаларының саны аз, елорда іс-шараларының негізгі үлесі басқа елдерден келген гастрольдік әртістердің бағдарламалары есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 3 689 821,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге тиіс – 3 678 468,2 мың теңге (аудит барысында 3 678 468,2 мың теңге қалпына келтірілді) және өтелуге тиіс –11 353,3 мың теңге (аудит барысында 4 282,1 мың теңге өтелді), бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, жоспарлау және активтер – 2 576 396,7 мың теңгені, экономикалық шығындар және жоғалған пайда фактілері – 115 649,6 мың теңгені құрады, сондай-ақ 126 рәсімдік бұзушылықтар және 35 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 20 материал тиісті уәкілетті органдарға жіберілді.
Аудит қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында Тексеру комиссиясы объектілерге орындау үшін тапсырмалар мен ұсынымдар жолдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-rkastanagov/press/news/details/1269177?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау