Талдықорғанда 41 отбасы қоныс тойын тойлады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Талдықорған қаласында әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтарға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. Жалпы 41 отбасы қоныс тойын тойлады.

Салтанатты іс-шара Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қатысып, жаңа қоныс иелерін құттықтап, баспана кілттерін табыс етті.

Қала әкімі тұрғындарды құттықтай отырып, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекет саясатының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

– Әрбір отбасының өз баспанасына қол жеткізуі біз үшін маңызды міндеттердің бірі. Облыс әкімінің қолдауының арқасында Талдықорғанда тұрғын үй құрылысының қарқыны жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы 630-дан астам азамат баспаналы болса, биыл жыл соңына дейін шамамен 1400 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Баршаңызды жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын! Әр шаңыраққа бақ-береке, амандық пен шаттық тілеймін, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Бүгін баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы ана Назгүл Балабекова да бар. Ол «Жастар-3» тұрғын үй алабынан жаңа баспананың кілтін алды.

– Бүгін біздің отбасымыз үшін ерекше қуанышты күн. Өз баспанамызға қол жеткізу көптен күткен арманымыз еді. Осындай мүмкіндік жасап, әлеуметтік жағынан осал отбасыларға тұрақты қолдау көрсетіп жүрген облыс және қала әкіміне шынайы алғысымды білдіремін. Балаларымыздың өз үйінде өсіп, жарқын болашаққа сеніммен қадам басуына барлық жағдай жасалып отыр. Баршаңызға үлкен рақмет! Жаңа шаңырағымызға құт-береке тілейміз, – дейді көпбалалы ана Назгүл Балабекова.

Айта кетейік, жыл басынан бері Талдықорған қаласында халықтың әлеуметтік осал санатындағы азаматтарға 485 тұрғын үй берілді. Баспан кілттері «Береке» коттедж қалашығы, «Жастар-3» тұрғын үй алабында, «Шығыс» және «Құлагер» шағын аудандарынан сондай-ақ Қ.Жалайыр даңғылы бойынан берілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1269148?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version