«Таза Қазақстан»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
“Таза Қазақстан” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Рузаев ауылдық округінің әкімі әкім аппаратының мамандарымен бірлесіп, елді мекендерді абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау бойынша тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.
Аумақты аралау барысында көшелер мен үй маңындағы аумақтардың санитарлық жағдайы тексеріледі, тұрғындарға қолданыстағы абаттандыру ережелерінің талаптары түсіндіріледі, ақпараттық жадынамалар мен хабарламалар тапсырылады. Арамшөптерді уақтылы шабуға, қоқыстарды жинауға, күл мен көңді шығаруға, сондай-ақ іргелес аумақтарды тиісті санитарлық жағдайда ұстауға ерекше назар аударылады.
Рейдтердің басты мақсаты-бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың абаттандыру мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Алайда, заңнама талаптары ескерілмеген жағдайларда әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.
Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындалған бір тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-ruzaev/press/news/details/1269488?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version