Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Павлодар облысының Хоспистің паллиативтік бөлімшесіне барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі пациенттердің құқықтарының сақталуына және паллиативтік медициналық көмектің көрсетілу жағдайларына мониторинг жүргізу мақсатында 53 төсек-орынға арналған хоспистің паллиативтік бөлімшесіне барды.

Бару барысында бөлімшенің палаталары мен өзге де үй-жайлары қаралды, әкімшілік және медицина қызметкерлерімен әңгімелесу өткізілді. Пациенттердің болу жағдайларына, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ олардың құқықтарының сақталуына ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1269100?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version