«Туған жер, тау мен өзен»: Хайкоуда Қазақстан өнері таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 ж. 1 тамызда Хайкоу қаласында (Хайнань өлкесі) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Паншаев Мұхамет-Умардың «Туған жер, тау мен өзен» атты жеке көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрме Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылып, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған.
Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Паншаев Мұхамет-Умар көрмені ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, өнердің қашықтық пен мемлекеттік шекараларға қарамастан адамдарды жақындастыратын әмбебап тіл екеніне назар аударды.
Іс-шараға Хайнань өлкесінің мәдениет мекемелерінің, академиялық қауымдастықтың, қоғамдық ұйымдар мен іскер топтардың өкілдері қатысты. Сөз сөйлеген қатысушылар Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтудағы өнердің маңызды рөлін жоғары бағалап, мәдени алмасулар екі мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің ажырамас бөлігі екенін және гуманитарлық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Көрмеде суретшінің Қазақстанның табиғатына, тарихы мен мәдени мұрасына арналған қырықтан астам туындысы қойылған. Шығармаларда қазақ даласының әсемдігі, табиғи ландшафттардың ерекшелігі мен қазақ халқының бай рухани мәдениеті көрініс тапқан.
Көрме 2026 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады және көпшілік қауым үшін ашық болады. «Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылының» аясында ұйымдастырылған көрме мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, екі елдің тарихи-мәдени мұрасына деген өзара қызығушылықты арттыруға және Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды дамытуға қызмет етеді.
Анықтама: Паншаев Мұхамет-Умар 1957 жылы  дүниеге келген. Шығармашылық қызметі барысында Алматы (1984, 2009), Бішкек (1985), Мәскеу (1988), Сиань (2004), Мешхед (2007) және Эр-Рияд (2008) қалаларында жеке көрмелерін өткізген. 1991 жылы оған «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-guangzhou/press/news/details/1269101?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version