Ауыл шаруашылығындағы табыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыл шаруашылығындағы табыс – күнделікті еңбек, төзім және туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Осындай қасиеттерді өмірлік ұстанымына айналдырған Мойынқұм ауданының Бірлік ауылының тұрғыны Алмабек Әбдіхалықов көп жылдан бері егін шаруашылығымен айналысып келеді. Ол шаруашылық жүргізу тәсілдерін үнемі жетілдіріп, адал еңбектің әрдайым мол нәтижеге жеткізетінін өз ісімен дәлелдеп жүр.

Биылғы маусымда шаруашылықта тары өсіруге ерекше көңіл бөлінген. Бұл дақыл үш гектар жерге егілген. Егістік алқабының жай-күйі жақсы: өсімдіктер біркелкі өсіп келеді, уақытылы суарылып, қажетті күтім жасалуда. Барлық агротехникалық жұмыстар белгіленген мерзімде орындалуда.

Алмабек Әбдіхалықовтың айтуынша, тары – қазақ даласында ежелден өсіріліп келе жатқан маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі. Ол мол өнімділігімен, табиғат жағдайына төзімділігімен және тағамдық құндылығымен жоғары бағаланады.

– Егіншілік үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1270151?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version