Жуалы ауданы ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің бірі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жуалы ауданы – Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің бірі. Қолайлы табиғи-климаттық жағдай, құнарлы жер және егіншілік дәстүрінің қалыптасуы жергілікті диқандардың өсімдік шаруашылығын табысты дамытуына мүмкіндік беріп келеді. Дәнді дақылдармен қатар, ауданда картоп өсіруге ерекше мән беріліп, оның егіс көлемі жыл сайын артып келеді.

Биыл ауданда картоп 2600 гектар алқапқа отырғызылса, оның 460 гектары Нұрлыкент ауылдық округіне тиесілі. Тұқымдық картоп өндірумен айналысатын ірі шаруашылықтардың бірі – Түктібай ауылында орналасқан «Злиха» шаруа қожалығы.

Шаруа қожалығы Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылып, бүгінде ауданның жетекші ауыл шаруашылығы құрылымдарының біріне айналды. Қазіргі таңда ол тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие болып, сапалы тұқымдық картоп өсірумен айналысады. Мұнда картоп 2001 жылдан бері өсіріліп келеді. Соңғы жылдары егіс көлемі кезең-кезеңімен ұлғайып, бұрын шамамен 70 гектарды құраса, биыл бұл көрсеткіш 80 гектарға жетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1270152?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version