Бақша дақылдарынан болатын тағамнан уланудың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бақша өнімдері – қарбыз, қауын және асқабақ дәрумендерге, минералдарға және ағзаға қажетті сұйықтыққа бай тағамдар. Олар әсіресе жаз мезгілінде кеңінен тұтынылады. Алайда оларды өсіру, сақтау, тасымалдау немесе пайдалану талаптары сақталмаған жағдайда тағамнан улануға себеп болуы мүмкін.

Бақша өнімдерінен болатын тағамнан уланудың негізгі себептері:

– азотты тыңайтқыштарды шамадан тыс қолдану салдарынан нитраттардың көп мөлшерде жиналуы;

– жемістердің бетінің ауру қоздырғыш микроорганизмдермен ластануы;

– сақтау және тасымалдау талаптарының бұзылуы;

– кесілген жемістерді тоңазытқышсыз ұзақ уақыт сақтау;

– өнімді рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алу.

Тағамнан уланудың белгілері:

Сапасыз өнімді тұтынғаннан кейін бірнеше сағаттан соң мынадай белгілер пайда болуы мүмкін:

– жүрек айну және құсу;

– іштің ауыруы;

– іш өту;

– әлсіздік және бас айналу;

– дене қызуының көтерілуі.

Егер улану белгілері ауыр түрде байқалса, әсіресе балаларда, егде жастағы адамдарда және жүкті әйелдерде, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Тағамнан уланудың алдын алу үшін:

– Бақша дақылдарын тек санитариялық бақылаудан өткен ресми сауда орындарынан сатып алыңыз.

– Жарылған, соғылған, шіріген немесе қабығы зақымданған жемістерді сатып алмаңыз.

– Жемісті кесер алдында оны ағын сумен мұқият жуып, қажет болса щетка пайдаланыңыз.

– Таза пышақ пен кесу тақтайын қолданыңыз.

– Сақтау талаптарының сақталғанына сенімді болмасаңыз, алдын ала кесілген қарбыз бен қауынды сатып алмаңыз.

– Кесілген жемістерді тек тоңазытқышта +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада сақтап, 24 сағат ішінде тұтыныңыз.

– Туралған бақша дақылдарын бөлме температурасында ұзақ уақыт қалдырмаңыз.

– Тамақ дайындау және тамақтану алдында қолыңызды міндетті түрде жуыңыз.

Қарапайым сақтық шараларын сақтау бақша дақылдарынан болатын тағамнан уланудың алдын алуға көмектеседі. Өнімді тек сенімді сауда орындарынан сатып алып, оны дұрыс жуып және сақтау ережелерін сақтай отырып, қарбыз бен қауынның дәмін денсаулыққа зиян келтірмей тамашалай аласыз.

Шығыс Қазақстан облысының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің

басшының орынбасары

Е.И.Пивоваров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1269762?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version