2026 жылғы 29 шілдеде Азаматтарды қабылдау орталығында аудан әкімінің төрағалық етуімен азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында аудан тұрғыны белгіленген мүгедектігіне байланысты, әлеуметтік қызметкер қызметін көрсету мәселесі бойынша өтініш білдірді. Өтініш берушіге қажет түсініктеме берілді.
Қосымша қарауды талап ететін мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қажет шараларды қабылдау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Азаматтарды жеке қабылдау өткізу халықтың өтініштерін жедел қарауды қамтамасыз етеді, өзекті мәселелерді уақтында шешуге ықпал етеді және мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut/press/news/details/1270103?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау