2026 жылдың 05 тамызда Жамбыл облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын түсіндіру және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру мақсатында құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінің қатысуымен оқу зерделеу іс шара өткізілді.
Аталған зерделеу барысында өтініштермен жұмыс істеу кезінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, әкімшілік рәсімдерді жүргізудің негізгі қағидаттары, өтініштерді қарау мерзімдері, тыңдау рәсімін өткізу тәртібі, сондай-ақ заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың практикалық қолданылу ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1270094?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау