2026 жылдың 6 таымызында сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін Алматы қаласы, Құлжа тас жолы, 2, мекенжайында орналасқан «Халық Арена» көпфункционалды кешенінің аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында адамдар көп шоғырланатын нысандардағы түрлі ықтимал жағдайларға жедел әрекет ету мәселелері пысықталады.
Осыған байланысты азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды, сондай-ақ іс-шараға тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді өтінеміз.
Қала тұрғындарын аталған іс-шараға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
Алматы қалалық жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1269727?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау