2026 жылғы 30 шілде мен 1 тамыз аралығында Қостанай облысы Қостанай ауданының Осиновка ауылындағы «Қазақ Тұлпары» ЖШС-нің демонстрациялық алқаптарында «Қостанай дала фестивалі» («Jańa Dala / Green Day ‘2026») атты ірі ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Іс-шара Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орайластырылды.
Іс-шара агроөнеркәсіп кешенінің өкілдерін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, сала мамандарын, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.
Дала күні аясында аграрлық саланың заманауи жетістіктері, ең жаңа ауыл шаруашылығы техникалары, өсімдік шаруашылығындағы инновациялық технологиялар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған озық шешімдер таныстырылды.
«JAŃA DALA / GREEN DAY – 2026»* тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстарды нығайтуға және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған тиімді алаңға айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-audany-akimat/press/news/details/1269729?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау