Қазақстанда экологиялық заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының №340 Заңы қабылданып, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Түзетулер экологиялық реттеудің тиімділігін арттыруға, инвестициялық қызметті қолдауға және мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейтуге бағытталған.

Не өзгереді?

Барлық экологиялық талаптарды сақтай отырып, әкімшілік рәсімдерді оңтайландырудың арқасында инвестициялық жобалар бойынша экологиялық рәсімдерден өту мерзімдері қысқарады.

Экологиялық кодексті қолданудағы құқықтық олқылықтар жойылады. Қоршаған ортаға теріс әсердің басталу сәті заңнамалық деңгейде бекітіліп, бұл нормалардың біркелкі қолданылуын, экологиялық залалды есептеудің ашықтығын қамтамасыз етеді және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттырады.

Мемлекеттік экологиялық бақылау жетілдіріледі: цифрландыру кеңейтіледі, экологиялық инспектор мен табиғат пайдаланушы арасындағы тікелей байланыс барынша азайтылады, бақылау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігі артады.

Объектілерді санаттарға бөлу жүйесі жаңартылады. Бұл экологиялық тәуекелі жоғары кәсіпорындарға бақылауды шоғырландыруға және қоршаған ортаға әсері төмен объектілерге түсетін әкімшілік жүктемені бір мезгілде азайтуға мүмкіндік береді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1269880?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version