🌿 «ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ» АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫ ІС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🌿 «ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ» АЯСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫ ІС Бүгін ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Игі істер марафоны» аясында Ақсу-Аюлы ауылындағы жалғыз басты қария Ахметбеков Орал ақсақалдың үйіне «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары барып, үй ауласында өсіп тұрған шөптерді жұлып, аумағын тазалау жұмыстарына көмектесті. Мұндай игі бастамалар – үлкенге құрмет көрсетіп, қамқорлық пен жанашырлықтың жарқын үлгісі. Атқарылған жұмыстарға риза болған Орал ақсақал ауыл әкімшілігіне және «Жасыл ел» жасақтарының жастарына шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Осындай ізгі істер қоғамдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтып, жастарды мейірімділік пен жауапкершілікке тәрбиелейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1270371?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version