Алқа отырысында денсаулық сақтау нысандарының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында өткен алқа отырысында ауруханаішілік инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалау жүргізу және денсаулық сақтау нысандарының санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жиында туберкулездің иммунопрофилактикасы мәселелері бойынша ерекше бақылау мен қадағалауға жататын нысандарға жүргізілген мониторинг нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 15 наурыздағы № 1-РГСВ «Ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг жүргізу туралы» шешімін орындау шеңберінде Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелері мониторингке жататын 798 нысанның 778-ін тексеріп, қамту деңгейін 97,4%-ға жеткізді.
Мониторинг қорытындысы бойынша 7 жедел ден қою шарасы қолданылды. Оның ішінде 6 жағдайда қызметті тоқтата тұру, 1 жағдайда уақытша шеттету шарасы қабылданды.
Жүргізілген жұмыстың нәтижелері мен денсаулық сақтау нысандарындағы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер туралы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ғалымбек Алин баяндады.
Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу, эпидемиологиялық қадағалауды күшейту және денсаулық сақтау нысандарында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1270814?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version