Тұрмыстық химиялық заттарды қауіпсіз таңдау: сатып алу кезінде нені ескеру қажет?

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Тұрмыстық химиялық заттар үйдің тазалығы мен гигиенасын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Алайда оларды дұрыс таңдамау немесе пайдалану адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыларға төмендегі қарапайым, бірақ маңызды қағидаларды ұстануға кеңес береді.
 
Өнімнің таңбалануына назар аударыңыз. Қаптамада өнімнің атауы, өндіруші туралы мәліметтер, қолданылу мақсаты, сақтық шаралары, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және өзге де міндетті ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ «Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз», «Құрамында белсенді хлор бар», «Қорғаныш қолғаптарын пайдаланыңыз» сияқты ескерту жазуларына ерекше мән берген жөн.
 
Қаптаманың бүтіндігін тексеріңіз. Өнімнің қаптамасы мықтап жабылған, жарықсыз, ісінбеген және ағып тұрмаған болуы қажет.
Өнімнің қауіпсіздігіне көз жеткізіңіз. Тұрмыстық химиялық заттардың мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжаты болуы тиіс. Сатып алушының талабы бойынша сатушы бұл құжатты көрсетуге міндетті.
 
Қолдану талаптарын сақтаңыз. Тұрмыстық химиялық заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, әртүрлі құралдарды өзара араластырмаңыз, оларды тек нұсқаулыққа сәйкес пайдаланыңыз және азық-түлікке арналған ыдыстарға құймаңыз.
 
Тұрмыстық химиялық заттарды қауіпсіз таңдау және оларды дұрыс пайдалану – үй тазалығын сақтаудың ғана емес, өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаудың да маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1270798?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version