Ақмола облысында тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамытуға бағытталған MADENIETTI MURA жобасы аясында шағын гранттар байқауында үздік деп танылған «ЭтноЛагерь» жобасы жүзеге асырылды.
Жоба жастардың Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына қызығушылығын арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өскелең ұрпақты мәдени мұраны сақтауға бағытталған волонтерлік бастамаларға тартуды көздейді.
Бағдарлама аясында танымдық сабақтар мен тренингтер, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар көрме мен киіз үй жасайтын шеберхананы аралады. Жастар ұлттық қолөнердің ерекшеліктері мен этноволонтерлердің қызметі туралы мәлімет алып, шеберлік сабағында тәжірибе жинақтады.
Бағдарлама этнокездесумен қорытындыланды. Қатысушылар ұлттық тағамдар әзірлеп, бауырсақ пісіру мен самаурынға шай қоюдың әдіс-тәсілдерін үйренді. Сонымен қатар қазақтың қонақ күту әдебі туралы жақынырақ танысты.
«ЭтноЛагерь» жастарға ұлттық құндылықтарды жақыннан танытып, тарихи-мәдени мұраны қастерлеу мен сақтаудың маңызын ұғындыруға бағытталды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1270769?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау