Арқалықта Қостанай облысының XXXIX жазғы спартакиадасының финалдық кезеңі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арқалықта Қостанай облысының XXXIX жазғы спартакиадасының финалдық кезеңі басталды

4 тамыздан бастап Арқалық қаласы Қостанай облысының беделді спорттық жарыстары өтетін өңірдің басты спорт алаңына айналды. Ауқымды спорт мерекесінің салтанатты ашылу рәсімі бүгін, 7 тамыз күні, сағат 19:00-де өтеді.

Биыл дәстүрлі спартакиада Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарынан келген үздік спортшыларды бір арнаға тоғыстырды. Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және өңірде бұқаралық спортты дамыту.

Спартакиада бағдарламасына спорттың 23 түрі енгізілген. Оның ішінде 19 спорт түрі бойынша жарыстар тікелей Арқалық қаласының спорт нысандарында өтуде. Барлығы Қостанай облысының 20 өңірінен келген 1572 спортшы 102 медальдар жиынтығы үшін бақ сынауда.

Спорттық делегациялардың жалпы құрамы 2017 адамды құрайды.

Жалпыкомандалық есептің қорытындысы шығарылып, спартакиаданың ресми жабылу салтанаты 9 тамызға жоспарланған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1270768?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version