Агенттік Төрағасының Назарбаев Университетінің Президентімен ресми кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар ағымдағы өзара іс-қимыл мен одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Назарбаев Университеті өкілдерінің Агенттіктің ғылыми-техникалық кеңесінің қызметіне, сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы форсайттық зерттеулерді өзектендіру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқаны атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша Агенттік пен Назарбаев Университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат ғылыми зерттеулерді дамыту, жоғары білікті кадрларды даярлау, бірлескен ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да бастамаларды іске асыру саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуді көздейді.
Сондай-ақ, тараптар атом энергетикасы саласындағы ғылыми әлеуетті дамыту және сала үшін мамандар даярлау мәселелері бойынша пікір алмасты. Атом энергетикасын дамыту мен атом электр станциясын салуды қоса алғанда, елдің стратегиялық маңызды жобаларын іске асыру үшін кадр резервін қалыптастырудағы жоғары оқу орындарының рөліне ерекше назар аударылды.
Меморандумға қол қою ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға және экономиканың жоғары технологиялық салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағытталған Агенттік пен Назарбаев Университеті арасындағы әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1270528?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау