Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға және олардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған «Қауіпсіз терезе – бақытты балалық шақ» акциясы өткізілді.
Іс-шараға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері, сондай-ақ Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандары әкімдері аппараттарының қызметкерлері қатысты.
Акция барысында кәмелетке толмаған балалар тәрбиелеп отырған 17 отбасының терезелеріне арнайы қауіпсіздік блокираторлары тегін орнатылды. Мұндай құрылғылар жазатайым оқиғалардың алдын алуға көмектесіп, балалардың үй жағдайындағы қауіпсіздігін арттырады.
Акцияны ұйымдастырушылар ата-аналарға қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салып, балаларды ашық терезелердің жанында қараусыз қалдырмауға шақырады.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balaqorgau-karaganda/press/news/details/1270394?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау