Облыс прокуроры Марат Әбішев прокуратура қайтарған активтерден қалыптастырылған Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен салынып жатқан ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мамандандырылған балабақша құрылысының барысымен танысты.
Ақтөбе қаласы, Есет батыр шағын ауданында салынып жатқан бұл обьект, мектепке дейінгі білім беру және балаларды кешенді қолдау жөнінде заманауи орталық болады.
Объектінің ауданы 20 172 шаршы метр, құны 7,9 млрд теңге.
Ғимараттың өзі ерекше архитектуралық шешімге ие, гүл түрінде жасалған және орталық атриумға қосылған бес екі қабатты ғимарат. Орталық блокта қысқы бақ пен кіреберіс тобы орналасады.
Орталықта педагогикалық-түзету, психологиялық және әлеуметтік көмектер көрсетіледі, физикалық даму, спорт, шығармашылық және емдік оңалту үшін жағдайлар жасалады. Ата-аналар үшін кеңестер беру орталығы ашылады.
Облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев объектіні мердігер «Қазстроймердігер» ЖШС-і салып жатқанын, ағымдағы жылдың күзінде, яғни оқу жылының басында – мерзімінен бұрын аяқтау жоспарланып отырғанын хабарлады.
Мердігер өкілі корпустардың функционалдық бағыттары туралы айтты.
1- блок – тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған;
2-блок – көздің бұзылуы бар;
3-блок – есту және сөйлеу бұзылыстары бар;
4-блок – зияткерлік даму бұзылыстары бар;
5-блок – медициналық блок және әкімшілік үй-жайлар.
Өз кезегінде облыс прокуроры Марат Әбішев салынып жатқан объектінің өңір үшін маңыздылығын атап өтті.
Балаларға көмектесетін осы бірегей орталықты барлықтары күтуде.
Бұдан бөлек, құрылыстың жоғары сапасын қамтамасыз ету және объектіні белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Еске салсақ, Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдық жерлерде (Ырғыз, Шалқар, Байғанин, Хобда, Алға, Мұғалжар аудандары) 11 денсаулық сақтау объектілері пайдалануға берілген болатын.
Мәселен, 2025 жылы Ырғыз ауданы Нұра ауылында бөлінген 353 млн теңгеден астам қаражат есебінен ауысымына 40 рет келуге есептелген жаңа медициналық пункт салынды, бұл тұрғындарға аудан орталығына бармай-ақ білікті медициналық көмектер алуға мүмкіндік берді.
Шалқар ауданы, Тоғыз ауылында 40 жылдан астам уақыт бойы медициналық көмек жарамсыз үй-жайда көрсетіліп келді. Ағымдағы жылдың сәуір айында салынған құны 98 млн теңге болатын фельдшерлік-акушерлік пункт 700-ден астам ауыл тұрғындарына қолжетімді бастапқы медициналық-санитарлық көмектер көрсететін заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталды.
Қазіргі таңда, қайтарылған активтер есебінен Хромтау, Мұғалжар және Шалқар аудандарында жалпы құны 5 млрд теңгеден асатын медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген тағы үш денсаулық сақтау объектілерінің құрылыстары жалғасуда.
Құрылыс жұмыстары облыс прокурорының бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1270377?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау