Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Жетібай ауылының тұрғындарын қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жергілікті халықпен тиімді кері байланыс орнату және аудандағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында өткен іс-шараға аудан әкімі Сымбат Төретаев, аудан әкімінің орынбасарлары мен Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Нұрбол Телегенов қатысты.

Жиынның негізгі өзегі – ауылдағы жұмыссыздық мәселесін реттеу, тұрғындарды еңбекке орналастыру және әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру болды. Ашық диалог форматында өткен қабылдауда Жетібай ауылының тұрғындары өздерін толғандырған түйткілді сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Жиын барысында салаға жауапты арнайы мамандар мен басқарма басшылығы тұрғындар тарапынан қойылған әрбір сұраққа қолданыстағы заңнама шеңберінде жан-жақты, нақты түсініктеме берілді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1270378?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version