2026 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының №340 Заңы қабылданып, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Түзетулер экологиялық реттеудің тиімділігін арттыруға, инвестициялық қызметті қолдауға және мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейтуге бағытталған.
Не өзгереді?
✅ Барлық экологиялық талаптарды сақтай отырып, әкімшілік рәсімдерді оңтайландырудың арқасында инвестициялық жобалар бойынша экологиялық рәсімдерден өту мерзімдері қысқарады.
✅ Экологиялық кодексті қолданудағы құқықтық олқылықтар жойылады. Қоршаған ортаға теріс әсердің басталу сәті заңнамалық деңгейде бекітіліп, бұл нормалардың біркелкі қолданылуын, экологиялық залалды есептеудің ашықтығын қамтамасыз етеді және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттырады.
✅ Мемлекеттік экологиялық бақылау жетілдіріледі: цифрландыру кеңейтіледі, экологиялық инспектор мен табиғат пайдаланушы арасындағы тікелей байланыс барынша азайтылады, бақылау рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігі артады.
✅ Объектілерді санаттарға бөлу жүйесі жаңартылады. Бұл экологиялық тәуекелі жоғары кәсіпорындарға бақылауды шоғырландыруға және қоршаған ортаға әсері төмен объектілерге түсетін әкімшілік жүктемені бір мезгілде азайтуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/1270232?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау