ШҚО-да биыл бейнебақылау камералары арқылы 16 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Бейнебақылау камералары Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің тиімді құралдарының біріне айналып отыр. Олардың жұмысы мен ШҚО полиция департаменті бөлімшелерінің жедел басқару орталықтарының мүмкіндіктері арқасында осы жылдың жеті айында 16 289 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

     Тіркелген деректердің көп бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты — 11 688 жағдай. Бұдан бөлек, камералар қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің 1 759 фактісін анықтауға көмектесті. Полиция қызметкерлері әрбір анықталған құқық бұзушылық бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдады.

     Бейнебақылау жүйесінің жұмысы полицияға құқық бұзушылықтарды тек тіркеп қана қоймай, оларға жедел ден қоюға, ықтимал заңбұзушылықтардың алдын алуға және өңір көшелеріндегі тәртіпті сақтауға мүмкіндік береді. Технологиялық шешімдердің полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысымен ұштасуы профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыра түседі.

     Полиция заңды сақтау, қоршаған ортаға құрметпен қарау және әрбір азаматтың жауапты әрекеті қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіптің негізі екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1270740?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version