Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

 

Бүгін, ағымдағы жылғы 7 тамызда Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Лариса Викторовна Топорованың төрағалығымен аудан мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Эльдар Сапарұлы Шүмеков, аудандық мәслихатының депутаттары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала қаралды.

2026 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау мәселесі Қоғамдық кеңестің отырысында алдын ала қаралды. Жеті ауылдық округтің 2026 жылға арналған бюджеттерін нақтылау жобалары тиісті ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналыстарында келісіліп, мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – 2026 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғалия Абайқызы Қожанова баяндама жасады. Ол депутаттарға аудандық бюджетке енгізілетін негізгі өзгерістер мен нақтылаулар туралы ақпарат берді.

Благовещенка, Жамбыл, Қайранкөл, Кладбинка, Майбалық, Первомай және Преснов ауылдық округтерінің 2026 жылға арналған бюджеттерін нақтылау мәселелері бойынша аталған ауылдық округтердің әкімдері депутаттарға тиісті ақпарат ұсынды.

Бұдан әрі аудан әкімінің орынбасары Эльдар Сапарұлы Шүмеков Жамбыл ауданының жекелеген елді мекендерін тарату және есептік деректерден шығару жөніндегі ұсыныстардың Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен мәслихатына енгізілгені туралы хабардар етті.

Сондай-ақ сессия барысында депутаттар аудан мәслихаты аппаратының басшысы Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршинаны тыңдап, учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар және мәслихат шешімдерінің жобаларымен танысты.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша аудан мәслихатының депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

Мәслихаттың жұмысы ашық әрі сындарлы форматта жалғасып, аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге және аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1270942?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version