ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫ: қарапайым ережелер — сенімді қорғаныс!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) асқазан-ішек жолдарын зақымдайды. Негізгі белгілері: іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, дене қызуының көтерілуі. Ауыр жағдайда ағзаның уыттануы мен сусыздануы мүмкін.
Қалай қорғануға болады?
Қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз — тамақтанар және тамақ дайындау алдында, дәретханадан кейін.
Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз, жеке ас үй құралдарын пайдаланыңыз және тағамды толық термиялық өңдеуден өткізіңіз.
Өнімдерді сақтау мерзімі мен жағдайларын сақтаңыз. Қаптамасы бүлінген немесе жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді тұтынбаңыз.
Тек қауіпсіз ауызсу ішіңіз — қайнатылған немесе сапасына кепілдік берілген суды пайдаланыңыз.
Көкөніс, жеміс-жидектерді ағынды сумен мұқият жуыңыз.
Азық-түлікті жәндіктерден қорғаңыз.
Сүт және сүт өнімдерін кездейсоқ сатушылардан сатып алмаңыз.
Шомылуға тыйым салынған су айдындарында шомылмаңыз.
Аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз. Өз бетінше ем қабылдамаңыз!
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ескертеді: ЖІИ-дің алдын алу — қарапайым гигиеналық және азық-түлік қауіпсіздігі ережелерін сақтаудан басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1270821?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version