Астана тұрғындары кітап оқып, 600 мың теңгеге дейін ұтып ала алады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана «Кітап оқитын ұлт» атты ауқымды республикалық жобаға алғашқылардың бірі болып қосылды. Енді елорда тұрғындары аталмыш марафонға қатысып, білім деңгейі мен көкжиегін арттырып қана қоймай, бұл үшін ақшалай сыйлық та ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қыркүйек айында басталатын «Кітап оқитын ұлт» марафонына ресми түрде қосылды. Бұған дейін елорда әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры тиісті меморандумға қол қойған болатын.

Жоба Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған оқу мәдениетін дамыту туралы Жарлықты іске асыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Марафонға қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқып, кейін тестілеу мен бірқатар зияткерлік куизден өтеді.

Сынақ қорытындысы бойынша қатысушылардың әр санатындағы үздік командалар анықталады.

Бірінші орынға – 600 мың теңге, екінші орынға – 450 мың теңге, үшінші орынға 300 мың теңге ақшалай сыйлық қарастырылған.

«Кітап оқитын ұлт» марафонына кімдер қатыса алады:
6-10 сынып оқушылары;
колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері;
педагогтер;
мемлекеттік қызметшілер;
ата-аналар;
мамандығы мен қызмет түріне қарамастан, барлық ниет білдіруші.

Марафон қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Қатысушыларды тіркеу биыл қыркүйек айында жобаның www.reading-nation.kz⁠ ресми сайтында басталады.

Айта кетейік, жоба аясында биыл күзде елордада әдеби кездесулер, жалпыхалықтық кітап оқулар, кітап жобалары, ағартушылық акциялар және басқа да іс-шаралар сериясы басталады.

Бұл жұмыстардың мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, отандық әдебиетті қолдау және тоқтаусыз өз білімін жетілдіру мәдениетін қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1271001?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version