Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Грекия Республикасының Елшісімен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2026 жылғы 7 тамыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Грекия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антониа Кацуруды қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грекия арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйі мен оларды одан әрі дамыту болашағын, көпжақты форматтарда өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған іс-шаралар кестесін талқылады.

Е. Ашықбаев энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды. Осы тұрғыда тараптар қазақстандық мұнайды еуропалық нарықтарға экспорттауда стратегиялық маңызға ие Каспий құбыр консорциумының (КҚК) айналасындағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Энергетикалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын, халықаралық нарықтарға энергия ресурстарының үздіксіз әрі орнықты жеткізілуін, сондай-ақ кемелердің қауіпсіздігін және теңіз қатынасының еркіндігін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Өз кезегінде Грекия Елшісі А. Кацуру энергетика, сауда, инвестициялар, көлік және гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда, өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға грек тарапының дайын екенін растады.

Кездесу соңында тараптар саяси диалогты тұрақты түрде қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1270997?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version