Абай күні қарсаңында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Абай Құнанбайұлының шығармалары, ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеуге арналған ғылыми еңбектер, сондай-ақ әдеби және танымдық басылымдар қойылды. Мұнда ұлы ойшылдың қазақ әдебиеті мен руханиятындағы орны және оның ой-тұжырымдарының мәні туралы ақпарат берілген.
Кітап көрмесінде Абай өлеңдері мен «Қара сөздеріндегі» білім, ғылым, еңбек, адамгершілік, ел бірлігі және ұлттық сана тақырыптары кеңінен қамтылған. Ақын дәріптеген бұл құндылықтар бүгін де маңызын жоғалтпай, қоғам үшін рухани бағдар болып отыр.
Аталмыш көрме бір апта бойы жалғасады. Көпшілік Абайдың шығармашылық мұрасымен қатар, ақынның ұлттық мәдениеттің дамуына қосқан үлесіне арналған басылымдармен таныса алады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1271018?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау