САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ МЕРДІГЕРГЕ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жонарық елді мекенінде салынып жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс барысын пысықтады.

Аудан басшысы нысанда атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейін жан-жақты зерделеп, құрылыс жұмыстарының қарқыны, сапасы және белгіленген өндірістік кестенің орындалуы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, аудан басшысы әлеуметтік маңызы бар бұл нысанның тұрғындар игілігі үшін белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуы басты міндет екенін атап өтіп, жауапты тұлғаларға жүктелген тапсырмалардың орындалуы жеке бақылауында болатынын жеткізді.

Бүгінде құрылыс жұмыстарын «ST-SERVICE KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Қазіргі таңда нысанның сыртқы қасбетін әрлеу, ішкі әрлеу жұмыстары, желдету жүйесін орнату, сондай-ақ сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу жұмыстары қатар атқарылуда.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1270991?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version