Ақтөбе облысында жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындық мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның төрағалығымен жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері, сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Кеңес барысында жаңа оқу жылына дайындықтың негізгі бағыттары жан-жақты қаралып, білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, келесі мәселелер қарастырылды:
➢ білім беру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі;
➢ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы;
➢ білім беру ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалу деңгейі;
➢ жаңа білім беру нысандарының құрылыс барысы және оларды жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беру;
➢ білім беру ұйымдарының инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі;
➢ жаңа оқу жылына дайындық бойынша ұйымдастыру жұмыстары.
Кеңес барысында жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері өз бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, білім беру ұйымдарында анықталған кемшіліктерді жедел жою, қауіпсіздік талаптарын толық қамтамасыз ету және заңнама талаптарының орындалуын күшейту жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық білім беру ұйымдарында дайындық жұмыстарын сапалы аяқтауды, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдай жасауды, сондай-ақ жауапты мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жетекшілеріне жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау және анықталған мәселелерді жедел шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1271076?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version