Абай облысы Полиция департаментінде шағын футболдан іріктеу турнирі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес жаңадан құрылған «ARLAN» спорт клубын кеңінен насихаттау, сондай-ақ Арнайы даярлық қызметінің құрылғанына 10 жыл толуы мен Абай облысы ПД 2026жылға арналған спорттық және бұқаралық іс-шаралардың күн тізбелік жоспарына сәйкес шағын футболдан тартысты спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – полиция қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қызметкерлердің дене дайындығын арттыру, командалық рух пен өзара ынтымақтастықты нығайту. Сонымен қатар жарыс полиция қызметкерлерінің кәсіби міндеттерді орындау барысында аса маңызды саналатын шапшаңдық, төзімділік, ептілік және ұйымшылдық қасиеттерін шыңдауға бағытталды.

Турнирге Абай облысы Полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық полиция органдарынан 11 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында әр команда жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіске деген жігерін танытты. Алаңдағы тартысты ойындар қызметтік міндеттен тыс уақытта да полиция қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.

Шағын футбол додасы барысында командалар өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, ұйымшылдық пен командалық бірліктің озық үлгісін көрсетті. Әрбір ойын тартысты өтіп, қатысушылар соңғы минуттарға дейін жеңіс үшін бар күш-жігерін салды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 1-орын – Абай облысы Полиция департаментінің командасы;

 2-орын – Ақсуат аудандық полиция басқармасының командасы;

 3-орын – Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының (ЖҚАЖ) командасы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы марапаттар табысталып, үздік нәтиже көрсеткен командалар алғысқа бөленді.

Айта кету керек, бұл жарыстың маңызы тек спорттық бәсекемен шектелмейді. Полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығы – олардың кәсіби қызметінің ажырамас бөлігі. Қызмет барысында кез келген жағдайда шұғыл шешім қабылдау, физикалық тұрғыдан төзімді болу және әріптестермен үйлесімді әрекет ету жоғары дайындықты талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, спорттық жарыстар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттырудың тиімді тетіктерінің бірі болып табылады.

Шағын футбол турнирі сонымен қатар «ARLAN» спорт клубының негізгі бағыттарын танытуға мүмкіндік берді. Спорт клубының қызметі полиция қызметкерлерін спортпен жүйелі түрде айналысуға ынталандырып, дене дайындығын жетілдіруге, салауатты өмір салтын ұстануға және спорттық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тек спорттық шеберліктерін ғана емес, жоғары командалық рух пен өзара қолдауды да көрсетті. Өйткені футбол – жеңіс жеке ойыншының ғана емес, бүкіл команданың бірлігі мен үйлесімді әрекетінің нәтижесі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Турнирдің тағы бір маңызды бағыты – ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шағын футболдан чемпионатына қатысатын команданы іріктеу. Осыған байланысты Абай облысы Полиция департаментінде өткен жарыс облыстың үздік футболшылары мен командалық құрамын анықтайтын маңызды кезең болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1271714?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version