Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Тараз қаласында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Гүл шоқтарын қою рәсіміне облыс әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Абайдың әндері орындалып, ақынның өлеңдері оқылды. Ұлы ойшылдың шығармашылығы мен рухани мұрасы кеңінен насихатталып, оның ұлт мәдениеті мен әдебиетіндегі орнына ерекше мән берілді.

Абайдың туған күніне орай ұйымдастырылған құрмет көрсету рәсімі ұлы ақынның мәңгілік мұрасына деген құрметті айшықтап, оның тағылымды өсиеттері мен құндылықтарының бүгінгі қоғаммен сабақтастығын тағы бір мәрте көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1271712?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version