Алматыда қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылған су құбыры және кәріз желілерін жаңарту жобасы аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының Әуезов ауданында Сайын, Шаляпин, Яссауи және Жандосов көшелерінің 1-ші және 2-ші кезегіндегі су құбыры мен кәріз желілерін жаңғырту жөніндегі жобаны жүзеге асыру аяқталды.

 

Жұмыс, прокуратура органдарының мемлекетке қайтарған қаражат есебінен орындалды.

 

Кеңес кезеңінен бері пайдаланылып келе жатқан инженерлік желілер, тозу дәрежесі өте жоғары болған және ауыстыруды қажет еткен. Жоба аясында 26,9 км су құбыры мен 22,4 км кәріз желісі тартылды.

 

Жобаны іске асыру нәтижесінде орталықтандырылған инженерлік желілерге 750 абонент қосылды, ал ауданның 3000-нан астам тұрғыны сенімді және үздіксіз сумен қамтамасыз етілді.

 

Аталған жобаны жүзеге асыру, мемлекетке қайтарылған активтерді халықтың игілігіне және қала инфрақұрылымын дамытудың кезекті бір мысалы болды.

Алматы қаласының прокуратурасы 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1271711?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version