«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бекіткен «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» іс-шаралар жоспары аясында облыстық «Жас Қанат» сауықтыру лагерінің базасында «Қауіпсіз аумақ» квест-фестивалі өткізілді.
Іс-шараға лагерьдің 80-ге жуық тәрбиеленушісі қатысты.
Фестивальдің негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, олардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтар мен оқиғалардың алдын алу.
Іс-шара бағдарламасы интерактивті форматта ұйымдастырылып, командалық жарыстарды, практикалық және тақырыптық тапсырмаларды қамтыды. Балалар бірнеше алаңнан өтіп, ойын түрінде жеке және қоғамдық қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелері, қоғамдық орындарда және Интернет желісінде қауіпсіз жүріп-тұру мәселелері бойынша білімдерін бекітті.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Полиция қызметкерлері балаларға заңнама талаптарын түсіндіріп, құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік туралы айтып, түрлі өмірлік жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.
Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің белсенділігін, командалық рухын және қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша жақсы білімдерін көрсетті.
Сонымен қатар, есірткінің зияны туралы да кеңінен айтылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін, жауапкершілігін және заңға деген құрметін қалыптастыруға, сондай-ақ балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1271861?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау